2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
__________ Ә.Исекешев
2015 жылғы 19 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
__________ Е.Досаев
2015 жылғы 7 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
__________ Қ.Қасымов
2015 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) емтихан материалдары – емтихан билеттері және (немесе) емтихан тестілері;
2) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
3) жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аспайтын квадроциклдер және қаршаналар;
4) қатаң есептегі бланкілер келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік бланкілерінің келіп түсуін және жұмсалуын есепке алуды қамтитын құжат;
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды жүргізуге тракторист-машинистерді жіберуді растайтын ресми құжат болып табылатын тракторист-машинистің куәлігі;
6) өтініш беруші – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен емтихан тапсыру және куәлік алу үшін жүгінген тұлға.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін емтихан пунктері ретінде жергілікті атқарушы органдар түсініледі.
4. Емтихан пунктері теориялық емтиханды қабылдауды, куәлік беруді және айырбастауды, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
5. Барлық машиналар түрлеріне, белгіленуіне және оларды жүргізу ерекшеліктеріне байланысты «А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттарына бөлінеді, оларды жүргізу құқығына тиісті бағандарында рұқсат белгілері қойылған бірыңғай куәлік беріледі.
6. Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында машиналарды жүргізу құқығын береді.
7. «А», «Б», «В», «Г», «Д» бағандарында рұқсат белгілері қойылған куәлігі бар тұлғалар мыналарды:
1) «А» - класы 30 килоНьютонға дейінгі (3,0 тартылыс күші) доңғалақты тракторларды;
2) «Б» - класы 30 килоНьютоннан жоғары (3,0 тартылыс күші) доңғалақты тракторларды;
3) «В» - шынжыр табанды тракторларды;
4) «Г» - өздігінен жүретін ауылшаруашылық машиналарын;
5) «Д» - барлық өздігінен жүретін мелиорациялық машиналарды және жол құрылысы машиналарын, соның ішінде экскаваторларды, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары монтаждалған тракторларды жүргізе алады.
Куәлік оларға қосымша жабдықтар монтаждалса немесе олар агрегат құрамында (тіркеме, автопоезд) жұмыс істесе, тиісті санаттағы машиналарды жүргізуге құқық береді.
8. Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына «ерекше белгілер үшін» деген бағанда «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәліктер беріледі.
«Ерекше белгілер үшін» деген бағанда «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәлікті беру, «А» және «В» немесе «Б» және «В» санаттары бар куәлік болған кезде немесе «А» санатты жүргізуші куәлігі болған жағдайда емтихан тапсырусыз жүзеге асырылады.
«Рұқсат берілгені туралы белгі» деген бағанда «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәліктерді бергенде қиғаш сызығы бар мөртабан қойылады.
9. Емтихандар қабылдау мен қуәліктер беруге арналған емтихандық материалға қосуға арналған сұрақтар «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау мен куәліктер беру үшін емтихан материалдарына қосуға арналған сұрақтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 4-3/468 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8868 болып тіркелген).
2. Емтихан қабылдау және куәлікті беру тәртібі
10. Құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдардың кеңсесі арқылы, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
«А», «В» және «Г» санатты куәлік алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқығаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бекітілген № 086/у нысан бойынша медициналық анықтама.
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
5) көлемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фотосурет;
6) ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист мамандығы бойынша жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарын (арнайы оқу орындары, орта кәсіптік оқу орындары) бітірген адамдарды қоспағанда, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі.
11. «Б» және «Д» санатты куәлікті алу үшін осы Қағидалардың 10-тармағының және 26-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы қажет.
12. Емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда емтихан пункті жауапты орындаушы өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жолдайды.
13. Барлық санаттағы машиналарды жүргізу құқығына емтихан өтініш берілген жұмыс күндері сағат тоғыздан он алтыға дейін емтихан пункттерінде емтихан комиссиялары қабылдайды.
14. Теориялық емтихан қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясы жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы басқармасы (бөлімі) басшысының бұйрығымен құрылады және кемінде үш адамнан тұрады, онда инженер-инспектор комиссия төрағасы болып табылады.
Емтихан комиссиясының құрамына емтихан пунктінің қызметкерлері кіреді, бұл ретте емтихан комиссиясының құрамына емтихан тапсыратын топты даярлауды жүзеге асырған арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері кірмейді.
15. Емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған адамдар жіберіледі.
16. Емтихан тапсыруға жіберу және куәлік беру азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша, сондай-ақ шетел азаматтарының келген жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуі бойынша жүзеге асырылады.
17. Емтихан компьютерлік кешенді немесе он сұрақты қамтитын емтихан материалдарын пайдалану арқылы қабылданады, бұл ретте емтихан парағында тракторист-машинистікке кандидат емтихан тапсыру күнін, билет нөмірін және сұрақтарға жауап беру нөмірлерін жазады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін тракторист-машинистікке кандидатқа отыз минут беріледі.
Жауаптардың дұрыстығын компьютерлік кешен береді немесе емтихан қабылдаушы тексереді.
«ТАПСЫРДЫ» деген қорытынды баға кем дегенде сегіз сұраққа дұрыс жауап берген кезде қойылады, ал керісінше жағдайда «ТАПСЫРМАДЫ» деген баға қойылады.
«ТАПСЫРМАДЫ» деген теріс баға алған жағдайда қайта емтихан қабылдау алдыңғы емтиханды тапсырған күннен бастап күнтізбелік бес күннен ерте емес мерзімде жүзеге асырылады.
Емтихан Жолда жүру ережелерін және оқу бағдарламаларында көзделген машиналарды пайдалану қауіпсіздігіне қатысты басқа да пәндер бойынша білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Емтихан тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан парағына енгізіледі және оған өтініш беруші мен емтихан комиссиясы қол қояды.
18. Емтихан тапсырған тұлғаларға емтихан парағының және 10-тармақта көрсетілген құжаттардың негізінде куәлік беріледі.
19. Берілген куәліктердің сериялары мен нөмірлері өсу тәртібімен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді беру кітабына жазылады.
20. Куәліктерді толтыру қолмен немесе дербес компьютерлерде жүргізіледі.
21. Куәліктің берілу негізділігі және дұрыс толтырылуы емтихан комиссиясының төрағасы тексергеннен кейін оның қолымен және мөрмен растайды.
22. Куәлік он жыл мерзімге беріледі (ол туралы «....дейін жарамды» бағандарында тиісті жазу жазылады), ол мерзім аяқталғаннан кейін осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте айырбастауға жатады.
23. Медициналық комиссия қайта куәландыру мерзіміне шектеу қойған адамдарға куәлік берген кезде «Ерекше белгілер үшін» бағанына «Медициналық анықтама міндетті» деген белгі қойылады.
24. Оларды жүргізуге куәліктер берілетін машиналар санаттарының бағандарына «Рұқсат етілді» деген мөртабан қойылады. Жүргізуге рұқсат берілмеген басқа машиналар санаттарының бағандарына қиғаш сызығы бар мөртабан қойылады.
25. Басқа санатты машиналарды жүргізуге рұқсат алған кезде жаңа куәлік беріліп, оған тракторист-машинистің бұрынғы куәлігіндегі бар белгілері қойылады.
Куәлік беруді емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Куәліктер иелеріне куәліктер беру кітабына жеке қолын қоюы арқылы жеке куәлігін не оны алмастыратын құжатын көрсеткенде беріледі.
26. Машиналарды жүргізу құқығы мыналарға:
1) он жеті жасқа толған адамдарға - «А», «В» және «Г» санатты көлік құралдарын жүргізуге;
2) он сегіз жасқа толған адамдарға - «А», «В» және «Г» санатты көлік құралдарын жүргізу өтілі алты айдан кем болмаған жағдайда «Б» және «Д» санатты машиналарды жүргізу құқығын қосымша алуға рұқсат береді.
27. «Б» және (немесе) «Д» санаты «А», «В» және «Г» бағандарында рұқсат ету белгісі мен куәлігі бар (тиісті машиналарда жалпы жұмыс өтілі алты айдан кем емес) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинистің куәлігі беріледі.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 34-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады.
28. «Ерекше белгілер үшін» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар куәліктерді алу үшін емтихан пунктіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) рұқсат етілген «А» және «В» немесе «Б» және «В» санаттары бар куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі немесе рұқсат етілген «А», немесе «А1», немесе «В1» санатты бар жүргізуші куәлігі;
3) тракторист-машинистің куәлігі беру үшін мемлекеттік баждың төлегені туралы түбіртек;
4) көлемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фотосурет.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбау бас тартуға негіз болып табылады.
3. Тракторист-машинистің куәлігін ауыстыру (айырбастау) тәртібі
29. Тракторист-машинистің куәлікті ауыстыру (айырбастау) емтихан пункті құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде және дипломның көшірмесі мен оқуды бітіргені туралы куәлікті және емтихан комиссиясының хаттамасының көшірмесін қоспағанда, осы Қағидалардың 10 және 27-тармақтарында көрсетілген талаптардың негізінде жүргізіледі.
Емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда емтихан қабылдау пункті өтініш берушіге өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жолдайды.
Емтихан пункті өтініш берушіден құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін және емтихан пунктінің өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуы болмаған кезде, құжаттар қабылданды деп есептеледі.
30. Ескі үлгідегі куәлікті ауыстырған (айырбастаған) кезде жаңа куәлікке мынадай тәртіпті есепке ала отырып, рұқсат ету санаттары көшіріледі және қойылады:
1) ескі үлгідегі тракторист-машинист куәлігіндегі «А», «Б», «В», «Г», «Д», «Е» санаттары жаңа куәліктегі «А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттарына сәйкес келеді;
2) 3-класты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «В», «Г» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
3) 2-класты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «Б», «В», «Г» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
4) 1-класты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «Б», «В», «Г», «Д» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
5) К-701 «Кировец» тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «Б» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
6) «комбайыншы» мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі «Г» санатты куәлігіне сәйкес келеді;
7) «тракторшы» мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі «А», «В» санатты куәлігіне сәйкес келеді.
Осы Қағидалардың осы тармағында санаттары қарастырылмаған ескі үлгідегі куәліктерді айырбастауға ұсынған кезде жаңа үлгідегі куәліктердің тек тиісті сипатталған санаттарын көшірумен және қоюмен жүзеге асырылады.
31. Куәлікті ауыстырған (айырбастаған) кезде жаңадан берілген куәліктің «Ерекше белгілер үшін» деген бағанына бұрынғы куәліктің сериясы, нөмірі және берілген күні жазылады.
32. Куәлік жоғалған кезде «Телнұсқа» деген белгімен жаңа куәлік беріледі:
1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Қағидалардың 10-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, 10-тармағында көрсетілген құжаттардың және ішкі істер органдарынан сот шешімінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін алынған куәліктердің арасында жоқ екендігі туралы анықтама негізінде өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде;
2) өтініш берушіге өтініш берген орны бойынша куәлік берілгені туралы мәлімет болмаған жағдайда, куәлік берген емтихан пунктінің куәліктер беру кітабындағы жазулар негізінде осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын 2) және 6) тармақшаларын қоспағанда сақтай отырып, құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
Куәлік беру кітабындағы жазбаларды нақтылауды куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салу арқылы өтініш берушінің өтініші бойынша емтихан қабылдау пункті жүзеге асырады.
Куәліктің телнұсқасы өтініште міндетті түрде ауыстыру себептері көрсетілген кезде беріледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдары куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған, сондай-ақ осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайларда телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.
33. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін айырбастау емтихан пунктіне куәліктердің түпнұсқасы мен оның мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасын, ішкі істер органдарында тіркелген жеке басты куәландыратын құжаттарды (паспорттары, жеке куәліктері) (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады) ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен кейін тракторист-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегеннен және теориялық емтихандарды тапсырғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бұл ретте тракторист-машинистің ұлттық куәлігінде рұқсат берілген машиналардың санаттарын жүргізуге құқық беретін және келу құжаттарының қолданылу мерзімінде осы Қағидалардың 7-тармағындағы талаптарға сәйкес келетін куәлік беріледі. Тракторист-машинистің ұлттық куәлігі емтихан пунктінде сақталады және иесінің өтініші бойынша бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.
34. Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда тракторист-машинистің ұлттық куәлігі болмаған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі алты айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлігі жалпы негіздерде беріледі.
35. Шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және мемлекеттік тілді немесе орыс тілін меңгермеген тұлғаларға теориялық емтиханды білікті аудармашылардың қатысуымен тапсыруға рұқсат беріледі, олар туралы мәліметтер де емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі. Бұл ретте емтиханды қабылдау ауызша әңгімелесу әдісімен жүзеге асырылады және емтихан тапсырудың уақытына шек қойылмайды.
4. Қорытынды ереже
36. Бланкілер келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабына қатаң есептілікті сақтау үшін куәліктер бланкілерінің келіп түсуі және жұмсалу есебі жазылады.
37. Емтихан пункттерін куәлік бланкілерімен қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Куәліктердің бланкілері мен жұмсалатын материалдардың болуын қатаң есептегі құжаттар ретінде осы Қағидаларға сәйкес емтихан пункттері қамтамасыз етеді.
38. Толтыру кезінде бүлінген бланкілер, куәліктерді беруге және айырбастауға негіз болған шығыс материалдары қайта пайдалану мүмкіндігін жоққа шығаратын құралдармен және тәсілдермен жыл сайын жойылады, ол туралы тиісті актілер жасалады. Дәл осындай тәртіппен мыналар жойылады:
1) орнына жаңасы берілген жоғалып табылған куәліктер;
2) құқығынан айырғаннан кейін екі жыл ішінде иесі келіп алмаған куәліктер, ол туралы куәліктерді беру кітабында белгі қойылады.
39. Куәліктер беруге және ауыстыруға негіз болған материалдар (өтініштер, ескі куәліктер, алымдардың төленгені туралы түбіртектер, оқу туралы куәліктердің көшірмелері), сондай-ақ оқу топтарының тізімдері жеке іске тігіліп, белгіленген тәртіппен емтихан пункттерінде үш жылға дейін сақталады және осы мерзім аяқталғаннан кейін комиссиялық түрде жойылады. Сондай-ақ емтихан пункттері оқу орындарындағы емтихан комиссияларының хаттамаларының және емтихан пункттерінің емтихан парақтарының он жыл, тракторист-машинист куәліктерін беру кітабы аяқталғаннан кейін оларды алпыс жыл сақтауды қамтамасыз етеді. Орнына жаңасы берілген куәліктер, оларға «Күшін жойды» деген мөртабан қойылып, іске тігіледі.
40. Заңнамамен белгіленген тәртіппен машина жүргізу құқығынан айырылған тұлғалардың куәліктері иелері тұратын аумаққа қызмет көрсететін емтихан пункттеріне тапсырылады.
41. Медициналық анықтама куәліктер берілген кезде иелеріне қайтарылады.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Қатаң есептегі бланкілер келіп түсуін және жұмсалуын есепке алу кітабы
Кіріс Шығыс Қалдық
1 2 3 4 5.1 5.2 6 7 8 9 10.1 10.2 11
1 - Түскен күні
2 - Жүкқұжат №
3 - Кімнен алынды
4 - Сериясы
5.1.- Нөмірлеудің №: басталғаны
5.2. - №-ге дейін қоса алғанда нөмірлеу
6 - Саны
7 – Жұмсалған күні
8 - Кімге берілді
9 - Сериясы
10.1 - Нөмірлеудің №: басталғаны
10.2 - № - ге дейін қоса алғанда нөмірлеу
11 - Саны
Ескертпе. Белгілер мен бланкілердің әрбір түріне кітапта жеке бөлім беріледі
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тракторист-машинист куәлігі
Тегі ______________________________________________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______________________________________________________________________
Туған күні және жері ________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Сериясы және нөмірі ________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________берді
(жергілікті атқарушы орган)
Көлемі
------------------------------------ 3,5х4,5
------------------------------------ сурет орны
« »__________ 20 _____ жылдан « » __________ 20 _______ жылға дейін жарамды
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
(комиссия төрағасының Т.А.Ә.) (куәлік иесінің қолы)
Ауылшаруашылық тракторлары мен өздігінен жүретін машиналардың санаттары Рұқсат берілгені туралы белгі
«А» - класы 30 кН дейінгі(3,0 тк)доңғалақты тракторлар;
«Б» - класы 30 кН жоғары (3,0 тк)доңғалақты тракторлар;
«В» - шынжыр табанды тракторлар;
«Г» - өздігінен жүретін ауылшаруашылық машиналары;
«Д» - өздігінен жүретін мелиорациялықжәне жолқұрылысы машиналары, оның ішінде экскаваторлар, мелиорациялық және жолқұрылысы машиналары монтаждалған тракторлар
Ерекше бегілер үшін
Қазақстан Республикасы
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
______________________________________________________________________________инженер-инспекторына
(жергілікті атқарушы орган)
Азамат___________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған жылы және күні ______________________________________________________________________________
Туған жері ________________________________________________________________________________________
(республикасы, облысы, қаласы, ауданы)
_________________________________________________________________________________________тұратын
_____________________________________________________________________________________лауазымында
_____________________________________________________________________________________жұмыс істейтін
Паспортының сериясы ( жеке куәліктің) ____________________ №___________________________________________
___________________________________________________________________________________________берген
(кім және қашан)
ЖСН____________________________________________________________________________________________
Өтініш
Тракторист куәлігін беруді, ауыстыруды, телнұсқасын беруді сұраймын
_________________________________________________________________________________________________
(себебі көрсетіледі, керегі жоғын сызып тастау керек )
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1 _______________________________________________________________________________________________
2 _______________________________________________________________________________________________
3 _______________________________________________________________________________________________
4 _______________________________________________________________________________________________
5 _______________________________________________________________________________________________
___________________
(жеке қолы)
Сериясы ___________________ № ____________________________________куәлік берілді
Инженер-инспектор __________________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган)
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларға 4-қосымша
Нысан
___________________________________________________________________________________________________
(қарамағындағы оқу ұйымы бар министрліктің және ведомствоның атауы)
_________________________________________________________________________________________________
(оқу жүргізген ұйымның атауы)
Куәлік № ______________
Осы___________________________куәлік______________________________________азамат __________________
______________________________________________________ берілді.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Ол «___»____________________ бастап, «____»_______________________________________
дейін тракторист-машинистті даярлау, қайта даярлау, сыныптылығын арттыру бағдарламасы бойынша ___________
____________________________________________________________
сағат көлемінде оқып, біліктілік емтихандарын мынадай бағаларға
(«өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық») тапсырды:
Тракторлар және басқа машиналардың құрылысы мен техникалық пайдалану қағидалары ______________________
___________________________________________________________________________________________________
(зерделенетін тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың маркалары қөрсетіледі)
Агрономия негіздері, механизацияланған жұмыс өндірісін ұйымдастыру және оның технологиясы ________________
___________________________________________________________________________________________________
Жолқозғалысы ережелері:__________________________________________________________________________
Тәжірибелік дағдылары мен жүргізу __________________________________________________________________
Біліктілік комиссиясының «____»______________________________________________________________20___ ж.
шешімі бойынша хаттама № ________________________________________________________________________
азамат ____________________________________________________тракторист-машинист деген біліктілік берілді.
М.О. Біліктілік комиссиясының төрағасы ______________________________________________________________
Оқу орнының (кәсіпорынның) басшысы _______________________________________________________________
Жергілікті атқарушы орган 20____ жылғы «____» _________________________________________________________
№ _______________емтихан парағының негізінде сериясы_______________________________________________
санаты _______________________________________________________________________тракторист-машинист
куәлігі берілді ____________________________________________________________________________________
М.О. 20____ ж ылғы« » _____________________.
____________________ (қолы)
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Білім беру ұйымының емтихан комиссиясының
20_______жылғы «____» _______________
№ _______ хаттамасы
Комиссияның құрамы: төрағасы_____________________________________
мүшелері ____________________________________
Р/с
№ Емтихан
тапсыру-шының
тегі, аты, әкесінің аты Туған
жылы
Машинаның қандай санатын жүргізуге емтихан тапсырады Емтихан тапсыру-шының оқыған оқу орны Емтихандардың нәтижелері
теориялық тәжірибелік
Алғашқы рет
немесе қайтадан Тапсырды, тапсырмады Алғашқы рет
немесе қайтадан Тапсырды,
тапсырмады
1 2 3 4 5 6 7
Төраға ______________________________________
Мүшелері ___________________________________
____________________________________________
____________________________________________
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына 6-қосымша
Нысан
______________________________емтихан пунктінің
№ ______емтихан парағы
Машиналардың санаты ________
Тегі____________________________Аты_______________ ____________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________
Туған күні____________
Теориялық емтихан
Күні _________
Билет ________
Сұрақтардың нөмірлері Тракторист-машинистікке кандидаттың қолы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Жауаптардың нөмірі
Емтихан алушының белгісі
Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары
Күні _________
Билет ________
Сұрақтардың нөмірлері Тракторист-машинистікке кандидаттың қолы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Жауаптардың нөмірі
Емтихан алушының белгісі
Қорытынды баға мен емтихан комиссиясы мүшелерінің қолдары
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына 7-қосымша
Нысан
Куәліктерді беру кітабы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 – Реттік сан №
2 – Тегі, аты, әкесінің аты
3 – Туған күні мен жер
4 – Жұмыс істейтін жері (тұғылықты жері)
5 – Емтихан тапсырған күні және емтихан парағының №
6 – Куәлік берілген күні
7 – Куәлік берілді, санаты
8 – Куәлік берілді, сериясы және №
9 – Алғандығы туралы қолы
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 21 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11711 болып енгізілді.